Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада бір тәулікте 140-тан астам жол апаты тіркелді

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2024
  • 142

Елордада кеше алғашқы қар жауып, түнде көктайғақ болды. Салдарынан 140 жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Astana TV.

Көктайғақ болуына байланысты 12 қазанда елордада 118 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам зардап шекті. 13 қазанда түнгі 00:00-ден 08:00-ге дейін 28 жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты қатаң сақтауға, жеке көліктерді жол бойында қалдырмауға, сондай-ақ ережелерді сақтауға шақырады.

Астана тұрғындарына ұзақ сапарға көлікпен жолға шықпауға кеңес берілді.