Русский Сайттың толық нұсқасы

Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады?

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2024
  • 97

Мектеп оқушылары күзгі каникулда 10 күн демалады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірінші тоқсанда оқу уақыты – 8 апта. ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылатынын бекіткен болатын.

Алайда биыл 25 қазан – Республика күні жұма күнге, ал 26 және 27 қазан сенбі-жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұр. Бұл күндерді ескерсек, мектеп оқушылары күзгі каникулда жалпы 10 күн демалады.