Дзюдодан Қазақстан командасының екі өкілі Карина Такиева мен Назгүл Маратова Абу-Дабидегі (БАӘ) Grand Slam турнирінің финалдық блогына шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Екі спортшы қыз да 78 келіден жоғары салмақта қола жүлдеге таласпақ.
Такиева татамиге хорватиялық Хелена Вуковичпен шығады.
Ал Назгүл Маратованың қарсыласы Анастасия Холодилина (Ресей) болмақ.