Русский Сайттың толық нұсқасы

Ертең еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2024
  • 310

«Қазгидромет» 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

Қарағанды облысының батысында, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде жолдарда көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде қар күтіледі, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тауда тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз облыстың таулы аудандарында 25 м/с күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.