Русский Сайттың толық нұсқасы

5 жастағы қызды ит қауып, ауруханаға түсті

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2024
  • 265

Әлеуметтік желіден алынған мәліметке қарағанда, қаланың солтүстік бөлігіндегі балалар алаңы аумағында кішкентай қызға иттер шабуыл жасаған, деп хабарлайды Astana TV.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 11 қазан күні сағат 11.40-та Бөрлі аудандық ауруханасына көптеген жарақатпен 5 жасар қыз жеткізілген.

Травматикалық шок белгілері бар екендігін ескере отырып, қыз бала жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Қызға ауырсынуды басатын ем жасалып, жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізілді. Сондай-ақ шұғыл түрде сіреспеге қарсы егілді. Жансақтау бөлімшесінде жатқан кезде қыздың жағдайы тұрақталып, хирургияға ауыстырылды. Қазіргі кезде оның жағдайы тұрақты ауыр. Тамақты өздігінен ішеді. Қозғалады. Қыз бала қажетті емін алуда», - деп хабарлады ведомстводан.