Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: министр кімдер қызметінен кеткенін айтты

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2024
  • 185

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Маңғыстауда балалардың жаппай улануы мәселесіне себепкер болғандар қалай жазаланғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhý.

«Тамақтану мәселесіне қатысты барлық тиісті өзгеріс енгізілгенмен, оны жүзеге асырудағы кәсіпкерліктердің жауапкершілігі жайлы мәселені үнемі көтеріп жүрмін. Нақты Маңғыстау облысы бойынша айтатын болсақ, тамақтанумен айналысатын кәсіпкер мектептен аластатылды. Ол кәсіпкердің бұдан былай өзге мектептерге қызмет көрсетуіне де шектеу қойылды. Одан бөлек, тиісті тұлғалардың барлығы жауапкершілікке тартылды. Білім басқармасының басшысы жұмысынан босатылды. Әкімнің орынбасары да осындай жауапқа тартылды. Сәйкесінше, тамақ жеткізген кәсіпкерлікпен де келісімшарт үзілді», - дейді Бейсембаев.