Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да бруцеллез жұқтырған 4 мың сиыр етке тапсырылды

Батыс Қазақстан облысында 4 мыңнан астам сиырдан бруцеллез анықталды. Облыстық ветеринария басқармасының өкілдері ауру малдың 93 проценті етке тапсырылып, көзі жойылғанын мәлімдеді. Дегенмен сауда орындарынан ет сатып аларда барынша сақ болған жөн. Өйткені бұл дерттің малдан адамға жұғуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, кеселдің көрсеткіші көлемді болғанымен, аймақтағы ахуал тұрақты. Бірақ ауру ошағы облыстың барлық ауданында тіркелген. Өйткені үй жануарлары жылына екі рет тексеріліп, түрлі аурудан қорғайтын вакцина салынады. 

КЕНЖЕБЕК АЙМАШЕВ, БҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бұлар емдеуге келмейді, бұларды мал сою орындарында сою керек тек қана. Етін жегенде ірі қаранікін болады, онда да мұздатқышта 12 сағат ұсталынғананн кейін. Сонда қоздырғыштары өледі деп есептелінеді де, 12 сағаттан кейін болады. Ал енді қой мен ешкінің қоздырғыштары өте қауіпті болып саналады, адамға жұғады. Сондықтан олардікін консервіге жібереді.