Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары маңғыстаулықтарды толғандырған мәселелермен танысты

Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің көшпелі отырысы аясында депутаттар маңғыстаулықтарды толғандырған мәселелермен танысты. Халық қалаулылары министрлік өкілдерімен бірге «Қашқар-Ата» қалдық қоймасына, «Каспий» тұщыландыру зауытына, Маңғыстау атом-энергетикалық комбинатының бірінші және үшінші жылу электр орталығы мен «Қаракөл» көліне барды. Мұнда қоршаған ортаға қатысты түйіткілдермен танысты. Енді оның түйінін тарқату үшін жұмыс жүргізіледі. 

ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Заңнамаға өзгерістер енгізу үшін қандай проблемалар бар екенін анықтауымыз керек. Кім біледі, заңнамада олқылықтар болуы мүмкін. Бұл мәселе бюджеттік қаржыландыруға да әсер етеді. Тұрақты түрде қаржыландырылмаса, жобалар кешіктірілетіні анық. Қымбаттауына байланысты біз жоспарлаған жобаларды уақытында іске қоса алмаймыз. Сондықтан біз өңірлерге барған кезде заңнама бойынша көмек қажет болатын барлық жағдайларды анықтаймыз, Министрліктермен бірге көмектесеміз, өзгерістер, ережелер, заңға тәуелді актілер енгіземіз