Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Eurasian Film Market кинофорумы өтіп жатыр

Алматыда Eurasian Film Market кинофорумы өтіп жатыр. Eurasian Film Market – Орталық Азиядағы ең ірі кинонарықтың бірі. Алматы еліміздегі киноиндустрияның нағыз ошағы әрі фильмдердің біраз бөлігі осында таспаланатын болғандықтан, аталмыш кездесу оңтүстік астанада өткізілуде. Іс-шара Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылып жатыр және биыл қатысушылар саны артқан. «Бұл кездесу шетелдік киногерлермен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі» - дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, форум 17 қазанға дейін жалғасады. 

ЭММАНУЭЛЬ ФОСИЙОН, АУДИОВИЗУАЛДЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ АТТАШЕ:

Біз бүгін екінші рет ұйымдастырылып отырған кинонарыққа қатысып жатырмыз. Қазақстанда 500-ден аса кинотеатр бар. Бұл елде фильм түсіргенді және көргенді жақсы көреді екен. Қазақстанның киноиндустриясымен тереңірек танысқымыз келеді. Біздің мақсатымыз – француздық фильмдерді осында көрсетіп, көрерменнің пікірін білу. Бүгінгі фестивальге Францияда танымал болған 5 туындыны әкелдік. Егер көпшілікке ұнаса, қазақ аудиториясына кеңінен көрсету жоспарда бар.