Русский Сайттың толық нұсқасы

Бір адам тіл тартпай кетті: БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2024
  • 291

БҚО-да 15 қазан күні таңертең Орал-Атырау тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Таңғы сағат 07:20-да ВАЗ 2110 және Лада Веста көліктері соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында тіл тартпай кетті. Екі көліктің жүргізушілері шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

«ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. БҚО полиция департаменті жүргізушілерге жолда мұқият болу және жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салады», - деді БҚО ПД азаматтарына.