Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 500-ден астам полицей матч кезінде қауіпсіздікті қадағалайды

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2024
  • 212

Алматы полициясы дәстүрлі алгоритм бойынша футбол матчтары мен басқа да спорттық, мәдени ойын-сауық шаралары кезінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етеді, деп хабарлайды polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, өткен жексенбіде өткен Қазақстан – Словения матчында 1,5 мыңнан астам полиция қызметкері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз еткен.

Бүгін Қазақстан – Шотландия кездесуінде 500-ден астам полиция қызметкері тәртіп сақтайды. Құқық қорғау күштері спорт нысанының өзінде де, онымен шектесетін аумақтарда да тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.