Русский Сайттың толық нұсқасы

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шардара ауданында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары Түркістан облысында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінге дейін аудан, қалаларда жалпы 500-ге жуық ауқымды шара өткізілді. Шардара ауданында «Ұзын Ата» кесенесі маңын тазалау жұмыстарына 10 ауылдық округтен қатысқан ауданның ақсақалдар алқасы, белсенді жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен тұрғындардың ұзын саны 150 -ге жуықтайды. Экошараның мақсаты - азаматтар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру. Жиналғандар шашылған қоқыстарды жинап, киелі мекен аумағын қураған шөптерден тазартты. Шардаралықтар бүгіннің өзінде 25тоннаға жуық тұрмыстық қалдық пен қураған арам шөптерді қоқысқа шығарды.

МҰҚАН МҰСАЕВ, ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы бағдарламаның өміршең болғаны керек. Жастарымыздың келешекте өсіп-өніп, елімізді, жерімізді таза ұстау үшін бұл өте бір жақсы бағдардама болып тұр. Қазіргі жүріп жатқан жұмыстарөте керемет. Осы жұмыс жылда жалғасын тауып, дәстүрге айналса мынау жастардың тазалыққа деген тәрбиесіне, өсіп-өнулеріне әсері болайын деп тұр.