Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің Хромтау ауданы тұрғынының басы мұздатқыштан табылды

Ақтөбенің Хромтау ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Полицейлер бір тұрғынның мұздатқышынан адамның басын тауып алды. Ал марқұмның қалған дене мүшелері қала шетінен табылды. Бұл марқұм болған жігіт бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен. Туыстары іздеу салып, полицияға хабарлаған. Жуырда оның мәйіті Хромтау ауданының шетіндегі шлам қалдықтарының арасынан табылған болатын. Қылмыскерлер оның денесін бөлшектеп бөліп салып, жасырған. Бұл іске күдікті ретінде екі адам ұсталды. 

БАУЫРЖАН АСАУП, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Хромтау қаласында мәйіттің табылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында екі адам анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта сот екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялады. Іс бойынша барлық сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасуда.