Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО “Ауыл Аманаты” жобасы аясында екі жүзден астам кәсіпкерге қолдау көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында “Ауыл Аманаты” бағдарламасының аясында екі жүзден астам кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Осының арқасында елдімекендерде шоғырланған бизнес өкілдері 2.5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алып, жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік алды. Бескөл ауылының тұрғыны Айман Бәйділдаева мемлекеттік қолдаудың арқасында көлік жуу бекетін ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Жалпы аталған бағдарламаға мемлекеттік бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. 

ТАЛҒАТ ЖҰМАБЕКОВ, ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бағдарлама аясында берілген несие төмен пайызбен 7 жылға беріледі. Былтырғы жылы 236 жоба іске асырылды. Біз осы бағдарламаның арқасында жұмыспен қамту көрсеткішін де біршама көтердік. Мәселен, 300ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.