Русский Сайттың толық нұсқасы

"Түлектердің 70 пайызы мамандық таңдаудан қиналады", - депутат

Мектептерде толыққанды кәсіптік бағдарлаудың болмауынан түлектердің 70 пайызы мамандық таңдаудан қиналады. Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев осылай дейді. Сөзінше қазір еңбекке баулу секілді біріңғай стратегия білім ордаларында қолданылмайды. Салдарынан NEED санатына жататын жастар артып келеді. Олар оқуын тәмәмдап, қолына дипломын алғаннан соң, жұмыс істеуге құлқы болмайды. Бұл масылдыққа алып келеді. Халық қалаулысы мәселені дереу қолға алуды ұсынды. 

ТЕМІР ҚЫРЫҚБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгін әрбір түлек өзін басшы, депутат, кәсіпкер ретінде көреді. Ал ол үшін қаншама еңбек керек екенін олар біле бермейді. Мұндай жағдайда білім алушыларды ертерек кәсіптік бағдарлаудың маңызы артады. Бүгінгі таңда оқушыларды кәсіптік бағдарлау ісі қалай жүзеге асырылуда?