Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы ең жүйрік тазы анықталды

Елдегі ең жүйрік қазақы тазылар белгілі болды.  Жеті қазынаға кіретін төртаяқтылар арасындағы республикалық "шырға тарту" жарысы Ақмола облысы Аршалы ауданында өтті. Онда қазақы тазы иттер сұлулық пен жылдамдық бойынша бәсекеге түсті. Сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүгіре алатын тазылар 700 метрге жарысты. Жеңіске елордалық құмай тазы жетті. 

НҰРЛЫБЕК ЖАМАНҒАРИН, ТАЗЫНЫҢ ИЕСІ:

Әкеліп қосқан арланым лақап аты - Айқас, 4 жасар. Осы "Асыл қазына" сайысына келіп қатысып, бүгін бірінші орынды алып отырмыз. Бірінші рет қатысып отырған соң сезімім Аллаға шүкір жақсы. Елімізде тазы жанашырлары көп бола берсін. Асыл қазынамыз, тазымыз дами берсін!