Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басынан бері 32 мыңнан астам VIP нөмер сатылды

Жыл басынан бері 32 мыңнан астам VIP нөмер сатылды. Қалтаңыз қалың болса бір күннің ішінде қалаған нөмер мен сериясын таңдап аласың. Тіпті, кейбірінікі темір тұлпардан да қымбат тұрады. Соған қарамастан сұраныс азаймаған. 

ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Жылдап жинаған ақшама дәл қазір нөмер алдым. Енді көлікке жинауым керек. Ол үшін тағы қанша уақытым кетеді екен...

Мен секілді көлігіне өзі қалаған нөмерді таққандардың бірі - Расул Амантаев. Ол бұны көптен бері армандапты. Бағасы да арзан емес. 840 мың тұрады.

РАСУЛ АМАНТАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жоғары сұраныстағы нөмерге әріптерінде, сандарында таңдауға болады екен. Сол сияқты өзім таңдап осы нөмерге заказ бердім. Бұған дейін обищный нөмерлермен жүрдім. Жолдастарым таныстарым осы қымбат нөмерді алған еді. Енді осы ақша жинап осы нөмерді алдым.

Қазір елімізде жоғары сұраныстағы нөмер 210 мыңнан басталып, 1 млн асып жығылады. Бір ғана халыққа қызмет көрсету ортағының өзінен айына кем дегенде 300-ге жуық нөмер сатылады.

СӘБИТ МҰСАҚҰЛОВ, №1 ХҚКО БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күніне 10-15 қызмет алушы өтінім менен бізге келеді. Бұл сұраныстағы жоғары нөмерлер 5 жұмыс күнінде дайын болады. Жылдамдатылатын түрі бар. Ол бір жұмыс күнінде дайындап беруге болады нөмер.

Елімізде VIP нөмер 2014 жылдан бастап сатылымға шықты. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, содан бері сұраныс әлдеқайда артқан. Бүгінде ерекше сандар мен әріптердің тізбегін көп сатып алатындардың рейтингін Алматы, Астана, Шымкент қалаларының тұрғындары бастап тұр.

АРАЙ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Қазақстан Республикасының аумағында 2022 жылы 26 мыңнан астам жоғары сұраныстағы нөмір белгілері берілген. Ал, 2023 жылы 33 мыңнан астам. 2024 жылыдың қазіргі уақытына дейін 32 мыңнан астам жоғары сұраныс нөмір белгілері сатылған.

Көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған ХҚО немесе egov.kz арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Сондай-ақ егер азаматтың бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар.