Русский Сайттың толық нұсқасы

Той болмаса да әншілер аш қалмайды - Заттыбек Көпбосынұлы

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2024
  • 114

Әнші Заттыбек Көпбосынұлы той бизнесінде жүрген әріптестері жайлы ойын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Әнші эстрада жұлдыздарының күні тойға қарап қалмағанын, тойсыз-ақ күн көретінін алға тартты. Айтуынша, бұл нәрсені пандемия үйретіп кетті.

"Кешегі пандемия көп нәрсені ашып берді. Әншілердің өзінде әртүрлі саланы игеріп кеткендер болды. Олардың арасында сол салаға түгелімен кетіп жатқандар да болды. Ризықты беруші - Алла. Біз оны бекер уайымдаймыз. Той болса да, болмаса да әншілер аш қалмайды. Оны коронавирустың кезінде, ешқандай той жоқ кезде көріп, түсіндік. Бәлкім, көбіне қиынға соққан болар, бірақ үйреніп кеттік", - деді ол.