Құтқарушылар үй иесін алып шыққанымен, дәрігерлер аман алып қала алмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға Қашар ауылында болған. 9 қабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің жиһазы өртенген. Өрт себебінен 1969 жылы туған әйел адам көз жұмған.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.