15 қазандағы мәлімет бойынша, Атырау қаласында көпқабатты үйлердің тең жартысына жылу берілді, қалған үйлерге жылу беру кезекпен жалғасуда. Бұл туралы Атырау Энергокешенінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Тұрғын үйлерге 8 қазаннан бастап жылу беріле бастады. Мәселен, қала бойынша жалпы тұрғын үй саны 1033 болса, соның бүгінгі күнге дейін 517-не жылу берілді. Енді 516 үйді жылумен қамтамасыз ету жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді Атырау Энергокешені.
Атырау облысы әкімдігінің телеграм чатында Нұрсая ықшамауданындағы №7, №60 үй, Таумұш Жұмағалиев көшесіндегі №14 үй, Сарқамыс ықшамауданы тұрғындары жылудың әлі қосылмағанына шағым айтып жатыр,-деп жазады azh.kz.