Түркияда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еуропалық-Жерорта теңізінің сейсмологиялық орталығының мәліметінше, 6 магнитудалы жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 10:46-да Малатья қаласынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде болған. Зілзала ошағы ондаған шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Жер сілкінісінен соң сейсмологтар тағы 20-дан астам афтершок тіркеген.