Алматыда ертең, 17 қазанда қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін.
«Көктайғақ қаупіне байланысты, әсіресе әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақтарда көлік иелері қауіпсіздік үшін жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырғаны жөн», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел жүргізуге дайын. Бұл жұмысқа 10 мердігер ұйым, 841 техника және 1405 жұмысшысы жұмылдырылды. Көктайғаққа қарсы 76 тонна материал дайындалған.