Русский Сайттың толық нұсқасы

Балағаттаған: Қызылорда облысында келіні енесін соттатты

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2024
  • 215

Қызылорда облысында келінін балағаттаған әйел адам жазаланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Келіннің енесі үйіне алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде келген. Ол келініне балағат сөздер айтып, мазасын алған.

Сотта келіні мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.

"Сот қаулысымен Б. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, АПБ-нің ерекше талап белгілеу туралы ұсынысы қанағаттандырылып, Б-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленген", - делінген сот шешімінде.

Келіншектің енесі айыбын толық мойындады.