Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысының тұрғыны күйеуін қылқындырып өлтіргені үшін сотталды

Түркістан облысының тұрғыны күйеуін өлтіргені үшін сотталды. 50 жастағы келіншек 8 жыл өмірін енді темір торда өткізеді. Оқиға Сайрам ауданында болды. Сотта белгілі болғанындай, ішкілікке тойып келіп, жанжал шығарған күйеуін әйелі қылқындырып өлтіріп тастаған. Сотталушы өзінің мұндай қадамға баруын марқұм күйеуінің 30 жыл бойына ащы суға тойып алатынымен қоймай, әбден мезі еткенімен байланыстырған. Айта кетейік, сотталған әйелдің 4 баласы бар. Ең кішісі туғаннан бастап мүмкіндігі шектеулі. Осы үшін де отағасы әйелін үнемі ұрып-соғып келген көрінеді. Әйелінің қолынан жан тапсырған 54 жастағы ер адам тұрақты жұмыс істемеген. Анда-санда тапқанын араққа жұмсаған. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қылмыскердің бұрын соңды сотты болмағанын ескере отырып 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

СӘКЕН ТҰРҒЫНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:

Жанжалды әрі қарай жалғастырып, өзі бір насыбай ататын, насыбаймен бетіне түкіріп...Соны енді бәріне шыдамай, қасында ешкім болмағанын пайдаланып, артынан келіп үстіндегі жемпірінің белбеуімен артынан келіп қылқындырып, қасқана қазаға ұшыратқан.