Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады. Шаһар басшысы Президентке 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Қала әкімінің айтуынша, осы аралықта 1 133 млрд теңге инвестиция тартылған. Нәтижесінде өсім 8,1 пайызға жетті. Сондай-ақ жергілікті бюджет кірісі 27,2 пайызға артқан. Жыл басынан бері қала бюджеті 204,5 млрд теңгеге көбейді, дейді қала әкімі. Алматыда кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамуда. Қазір саны – 361,1 мыңға жеткен. Сонымен қатар биыл 219 шақырым сумен жабдықтау және су тарту желісі салынып, 66 шақырым электр желісі қайта жаңғыртылған. Кездесу барысында Президент қала әкіміне шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін арттыру, инфрақұрылымды сапалы жаңғырту сынды бірқатар тапсырма берді. 

9 АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ 

Инвестиция - 1 133 млрд теңге

Өсім - 8,1%

Бюджет кірісі - 27,2%

Қала бюджеті - 204,5 млрд теңге

Кәсіпкерлер саны - 361,1 мың

Сумен жабдықтау - 219 шақырым

Электр желісі - 66 шақырым