Русский Сайттың толық нұсқасы

Зиянды жұмыс істеген 12 мыңға жуық азаматқа әлеуметтік төлем тағайындалды

Биыл зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген 11 мыңнан аса азаматқа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Жалпы көмек алуға 12 530 адам өтініш білдірген. Қазір 474 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде. 191 азаматтың өтініші кері қайтарылды. Себебі олардың өтініші төлемді алу талабына сай келмеген. Арнауы көмекті алу үшін ең алдымен зиянды жұмыс орнында кемінде 7 жыл жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ жасы 55-тен асуы қажет. Келесі шарт 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Биыл 37 мыңнан аса жұмысшы үміткер бола алады. Төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңгеден асады. Өтініш берушілердің ең көбі – қарағандылықтар. Өңірде 2 мыңнан аса тұрғын әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген. Ал Қостанай облысында 1391 адам, Шығыс Қазақстанда мыңнан аса тұрғын арнайы төлем алуға жүгінді. 11 мыңнан аса азаматқа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды.