Алматыда бүгін түнде жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Astana TV.
ТЖМ мәліметінше, 17 қазанда сағат 03.23-те жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан.
"Алматы қаласында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.