Алматыда Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешенінің бірінде өрт шығып, қызыл жалын шатырды жайлады. Тұрғын үй кешені 8 қабаттан тұрадыТілсіз жау жетінші қабаттағы пәтерде тұтанып, жылдам тараған көрінеді. Зардап шеккендер жайлы әзірге ақпарат жоқ. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өрттің таралу қаупі жойылғанын хабарлады.
АЙДАР ЫСҚАБАЕВ, АЛМАЛЫ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Төтенше жағдай кезінде жеке құрамның 63 өрт сөндірушісі жұмыс істеді. 20 жедел әрекет ету техникасы жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы - 420 шаршы метр.