Русский Сайттың толық нұсқасы

Дзюдодан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында қос қола жүлде жеңіп алды

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2024
  • 293

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының балуандары әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дзюдодан Ташкентте әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық екі балуан қола жүлдегер атанды. Әйелдер арасында Екатерина Токарева -78 келіде қола жүлде үшін күресте өзбекстандық спортшыны қапы қалдырса, аса ауыр салмақта Кәмила Берліқаш та үздік үштіктен көрінді. Ол қола жүлде үшін белдесуде Франция спортшысын 6 секундта иппонмен жеңді.