Русский Сайттың толық нұсқасы

«Төрт аяқты адамдар көбейіп барады»: Дәулет Мұқаев квадроберлер туралы айтты

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2024
  • 53

Депутат Дәулет Мұқаев квадроберлер көбейе бастағанын айтып дабыл қақты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Ата-аналарға үндеу. Ай өткен сайын төрт аяқты адамдар қатары көбейіп барады. Иә, олар мысыққа, итке, қасқыр, сілеусінге еліктеп солардың күйін кешуде (мяулайды, үреді, ұлиды). Тіпті, тамағын жейді. Шетелдерде төрт аяқты хайуанға еліктегендердің адамдарды тістеген, тырнаған әрекеттері тіркелген. Осылайша, адамдар адамшылыққа емес нағыз айуандыққа қадам басып жатыр. Бұл бір жұқпалы аурудай. Әсіресе, жасөспірімдер бір-бірінен көріп еліктеуде. Ата-аналарға дабыл қағып жатқаным да осыдан. Бұл субмәдениет. Бұның артында өзге күштердің үлкен бизнесі тұр! Сақ болыңыздар! Квадроберлердің әрекетін біздің органдар мұқият зерттеу керек. Керек десеңіздер, біз (Парламент) арнайы заң шығаруға да дайынбыз», - деп жазды Дәлет Мұқаев.