Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте үш мың түп қызғалдақ отырғызылды

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2016
  • 2553

«Қызғалдақтар мерекесі». Шымкентте осындай атаумен жаппай гүл егу акциясы өтті. Қалалық саябаққа голландиялық қызғалдақтың үш мың түбі  отырғызылды. Оған студенттермен қатар соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар мен ауған соғысы ардагерлері атсалысты. Жалпы ұзын саны бес жүзге жуық тұрғын қатысты. Жұпар иісті әсем гүлдер - Тәуелсіздік саябағына көрік бермек. Айта кетейік, қалада алғаш рет ұйымдастырылған игі шараға ұйытқы болған қалалық мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігі.

Петр Петров, соғыс ардагері:

Бүгінгі мейрамды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Гүлдер күні қандай керемет өтіп жатыр. Қаншама жастар, балалар өсіп келеді бейбіт күнде. Қызғалдақ деген бұл сұлулықтың символы. Мұндай шаралар жиі өтіп тұрса деймін.

 Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ