Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан әуежайында Германия азаматшасы қолға түсті

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2024
  • 206

Көліктегі полиция қызметкерлері Түркістанның әуежайында Ыстамбұлға бет алған азаматшаны қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, 71 жастағы әйел адам Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған.

«Тексеру кезінде анықталғандай, әйел адам Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративті Республикасының азаматы болып шыққан. Яғни, қос азаматтаққы ие», - деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның әкімшілік хаттамасы негізінде енді ол әйел 516 880 теңге көлемінде айыппұл төлейді.