Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында Қызылқоға ауылының тұрғындары “Таза бейсенбі” экологиялық акциясына белсене қатысты

"Тазалық өз қолымызда". Осылай деген Атырау облысы Қызылқоға ауылының тұрғындары қолына күрек пен сыпырғы алып, көшеге шықты. “Таза бейсенбі” экологиялық акциясына жұрт ұдайы қатысады. Бұл жолы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар құрметіне арналған орталық алаңды тазалады. Партия мүшелері, мәслихат депутаттарын белсенді жастар қостап, саябақты әп-сәтте жайнатып жіберді. 

АЛЬБЕРТ АҚҚАЙНАНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Сенбіліктің мақсаты елімізді, жерімізді көркейту, ауылдық елді мекендерді, саябақтарды ретке келтіріп, күзгі мезгілге байланысты қураған тал жапырақтары бар, басқа да қалдықтардан тазарту болып табылады. Бұл акция жылдың аяғына дейін жалғасады деп жоспарлануда.