Русский Сайттың толық нұсқасы

Орманшының жұмысы оңай емес

Орманшы деген маман бар, жұмысы оның жауапты. Қазанның ортасы -Қазақстанда орманшылар күні. Жаз бойы жасыл алқапты күзетіп, күз бен көктемде тал егу жұмыстарына тартылатын жұмысшылардың еңбегі ерен. Қостанай облысында 11 орман шаруашылығы бар.Онда 1230 адам жұмыс істейді. "Жалақысы мардымсыз. Сондықтан жас мамандар орманшы болудан қашады" деген қате түсінік. Соңғы жылдары облыс көлеміндегі орман шаруашлығында жастар қатары көбейген. Ернұр Омаров төрт жылдан бері осы салада тер төгіп келеді.

ЕРНҰР ОМАРОВ, ОРМАНШЫ:

Жазда күзет ғой біздікі.Орман күзетеміз.Сосын орманда демалатын адамдарды қарап жүреміз.Сол өрт болмасын деп.Көктем кезі, күз кезінде осы питомникке келіп көмектесеміз.Сезон кезінде.Қазір міне қайың егейін деп жатырмыз.Сосын қарағай егеміз.

20-30 жылдан бері осы салада еңбек етіп жүрген кәнігі мамандар да көп.Олардың басты міндеті -орманды қорғау. Облыс көлемінде 460 мың гектардан астам алқапта ағаш өседі.Соның тең жартысын әлгі 11 шаруашылықтың қызметкерлері күзетеді. Алапат өрттің алдын алу үшін қызметкерлер қауіпсіздік шараларын күшейтіп, орман шетіндегі жерлерді жырту жұмыстарын да жиі жүргізеді.Алайда шектеулер мен ескертуді елемей, орманда от жағып қауіп төндіретін халық саны да азаймай тұр. 

ҚАЙРАТ АРҒЫНБАЕВ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Енді біз мойнымызға алған соң қорғап жүреміз.Көбіне бізде енді ең бірінші орман шаруашылығын өрттен, табиғат апатынан қорғау ғой.Сосын адамдардан қорғау.Негізгі жұмысымыз сол.Өрт қауіпсіздігіне шаралар қолдану