Русский Сайттың толық нұсқасы

2050 жылдарға қарай еліміздің солтүстік өңірі халқының саны 30 пайызға дейін азаюы мүмкін

  • AstanaTV
  • 18 қазан 2024
  • 73

Солтүстік өңірлерде халық саны азаюда. Бұл мамандарды алаңдатып отыр. Астанада өткен халықаралық ғылыми конференцияда ғалымдар, депутаттар проблеманы жан-жақты талқылады. Ғалым, профессор – Қайрат Бодаухан бірнеше жыл осы мәселені зерттеп, арнайы еңбек жазған. Айтуынша, оңтүстіктен солтүстікке экономикалық белсенді азаматтарды көшіру қарқыны әлі төмен. Халық санының жыл сайын төмендеуі байқалады. Мәселен, 10 мың адам көшіп келсе, 18 мың адам көшіп кетеді. Демографиялық болжамдарға қарағанда, 2050 жылдарға қарай бұл өңірдің халық саны 30 пайызға дейін кемуі мүмкін. Жергілікті жұртшылықтың өзге өңірлерге қоныс аударуы, сондай-ақ шетелге көшуі, жығылғанға жұдырық боп тұр, - дейді профессор. 

ҚАЙРАТ БОДАУХАН, С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН: ПРОФЕССОРЫ

Солтүстік өңірлерде көптеген ауылдар иен қалды. Мектептер жабылды. Сол сияқты үлкен мәселелер бар. Ал, Оңтүстікте өсім деңгейі де өте жоғары. Оның түрлі себептері бар.

БЕКБОЛ ОРЫНБАСАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Енді бізде мына халықтың ең көп орналасқан жері - Оңтүстік облыстар. Ал, өндіріс ошақтары көп шоғырланған жер - Батыс өңірлер. Осы аймақтардан халықты Солтүстікке көшіру мәселесі тұр. Енді көшіру дегенде, барып бірден апарып, көшіру деген емес, әрине. Оған экономикалық негіздеме керек. Ол жақтарда экономикалық мүмкіндіктер жасауымыз керек. Оның бірден-бірі - өндіріс ошақтарын орналастыру.