Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада "Ислам энциклопедиясы" кітабының тұсаукесері өтті

Астанада "Ислам энциклопедиясы" кітабының тұсаукесері өтті. Баспаның жарыққа шығуына елімізге белгілі 50-ге жуық ғалым атсалысқан. Кітапта ислам тарихы мен өркениеті, мәдениеті мен әдебиеті, сонымен қатар күллі мұсылман халқына ортақ ұғымдар мен атаулар қамтылған. Бас мүфтидің айтуынша, бұл дәстүрлі дініміздің ғылыми-теориялық негізін дамытуға бағытталған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ауқымды жобасының бірі болмақ. 

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:

Бұл кітапты шығарудағы негізгі мақсатымыз қазіргі таңда ақпараттық заман білесіздер. Ислам дінін әркім өзіңше түсіндіріп жатыр. Біздің елімізге Ислам діні келгеніне 13 ғасырға толы уақыт болды. Аллаға шүкір біздің қасиетті топырағымыздан талай әлем мойындаған ғалымдар шықты. Мешіт, медреселеріміз көп. Осы біздің кітап арқылы дәстүрлі дінімізді тереңдеп зерттеп, кеңінен халыққа, жамағатқа насихаттау негізгі мақсатымыздың бірі.