Астанада жүргізуші мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кетті. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Tengrinews.kz тілшісіне Астана полиция департаменті берген мәлімет бойынша, жол апаты бүгін, 18 қазанда Конституция көшесінде, №26 орта мектепке қарама-қарсы жерде болған.
"Mitsubishi маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 14 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды", - деп хабарлады департамент.
Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.