Русский Сайттың толық нұсқасы

Қос азаматтығы бар 7 қазақстандық ұсталды

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2024
  • 44

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар Қазақстан Республикасының жеті азаматын ұстады, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

"Ұсталған адамдар одан әрі қарау үшін полиция органдарына берілді. Жыл басынан бері шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтады", - делінген хабарламада.

ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасына сәйкес екінші азаматтықтың болуы 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе әкімшілік шығарып жіберумен жазаланатынын еске салады.