Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда мейрамханадан өрт шықты

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2024
  • 136

Оқиға орнында ТЖД-ның жеке құрамынан 27 адам және сегіз техника жұмыс істеді

18 қазанда сағат 21:50 шамасында Алматы қаласының Медеу ауданындағы Төлебаев көшесінде орналасқан мейрамхананың шатыры өртенді.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында жоғары дәрежедегі шақырту белгісімен жеткен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Мейрамхана қонақтары сыртқа өздігімен шығып үлгерген. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - делінген хабарламада.

Оқиға орнында ТЖД-ның жеке құрамынан 27 адам және сегіз техника жұмыс істеді,-деп хабарлады turkystan.kz.