Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстанда қар көшкінінен соң алты адамның денесі табылды

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2024
  • 123

Қырғызстанда таудағы қар көшкінінен алты адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаныш-Қия ауылының 14 тұрғыны және бір шетел азаматы 9 қазан күні тауға сирек кездесетін өсімдіктің тамырын іздеп шығып, жоғалып кеткен. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 16 қазанда сегіз адам аман-есен табылған.

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз орталығының мәліметінше, 18 қазанда Жалал-Абад облысының Чатқал ауданы Ақ-Сай маңындағы қар көшкіні кезінде жоғалып кеткен үш адамның денесі табылып, тікұшақпен Құмбел ауданындағы штабқа жеткізілді. Құтқарушылар олардың денесін полиция қызметкерлері мен туыстарына тапсырды.

Бүгін таңертең із-түзсіз жоғалған қалған үш адамның мәйіті табылды.