Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік полицей 2 жылға сотталуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2017
  • 2499

Заңды белден басқан ақтөбелік әйел полицей екі жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Жол-патрульдік полициясы қызметкеріне прокурорлар осындай жаза сұрады. Жаннат Ахетова лауазымын асыра пайдаланып, жол ережесін бұзған құрбысына араша түскені үшін айыпталуда.

Оқиға өткен жылы күзде болған. Полицей ханым тыйым салынған жерден бұрылған көлікті тоқтатқан қызметкерді айыппұл салмауға көндірген. Толтырылған құжаттың көзін жойып, орнына жалған бланка шығартады. Бұл туралы мемлекеттік айыптаушы мәлімдеді. Қазір Ахетова мен оның құрбысын тоқтатқан инспектор сот алдында жауап беруде. Екеуі де кінәсын мойындап, соттан жеңіл жаза тағайындауын сұрап отыр. Бұл іс бойынша келесі сот отырысы 28-інші сәуірге белгіленді.

Қайрат Меңдібаев, Ақтөбе қалалық прокуратурасының бөлім  прокуроры:

Ахетова Жаннат Мырзабекқызын Қылмыстық кодекстің 28-інші бабының 4,5 бөлімдерімен және 361 бабтың 2-інші бөлімімен кінәлі деп табуды, мүлкін тәркілеп, 2 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Сондай-ақ ол өмір бойы құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан айрылсын.