Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәуелсіз экологтар итбалықтардың өлімін Қашаған кен орнымен байланыстырды

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2017
  • 2542

Каспийде итбалықтардың қырылуына байланысты комиссия құрылды. Оған экологтар, ветеринария және санитарлық қызмет мамандары кірген. Бірнеше күнде Маңғыстау облысы  Баутино ауылы маңындағы жағалаудан 250-ге жуық сүтқоректі жануардың денесі табылған. 

Итбалықтарды арнайы полигонға апарып утильдейді. Экологтар ауа мен судың сынамасын алған. Қорытындысы талаптарға сай. Дегенмен, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы бұл жағдайдың мұнай қалдықтарымен байланысы барын айтады.

Мэлс Елеусізов, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:

Өзендерден не ағып келіп жатқаны түсініксіз. Кейбір мұнай ұңғымаларының жабылмағаны өз алдына, теңіздің деңгейі көтеріліп, кей ұңғымаларды басып қалған. Қаперлеріңізге сақтаңыздар, бұдан ары жағдай тіпті ушығып, апаттар болады. Тек итбалықтар емес, барлығы қырылып қалады.