Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда шопан мотоцикл жүргізушілеріне оқ атқан

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2024
  • 157

Алматы тауларында мотоцикл жүргізушілеріне оқ атып, қорқытқан шопан ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Эндуристердің айтуынша, 44 жастағы ер адам мас болған, тіпті олардың біреуінің басын нысанаға алған.

Видео оқиғадан кейін бірден желіде пайда болды. Видео авторының сөзінше, эндуристер тауға шығып бара жатқанда кенеттен алдынан мылтық ұстаған мас адам шығып, олардың біреуінің басын атып тастаймын деп қорқыта бастаған.

Кадрлардан оқтың атылғаны естіледі және мотоциклдердің бірінің дөңгелегі тесілгені көрсетіледі. Жігіттер бірден полицияға қоңырау шалған. Ал шопан бәрін жоққа шығарды.