Русский Сайттың толық нұсқасы

Баян Алагөзова әйелдерді йогамен айналысуға шақырды

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2024
  • 259

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова йоганың әйел денсаулығына пайдасы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Инстаграмда 4 миллионнан астам оқырманы бар Баян Алагөзова жақында йога жаттығуларын жасап жатқанын әлеуметтік желіде жариялай бастаған. 50 жастағы продюсердің шпагат жасап тұрған бейнесі көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл туралы ол өзінің stories-інде бөлісті.

Оның айтуынша, көптеген адам таңданысын білдіріп, пікір қалдырған. Йога жаттығулары көрсетілген бейнероликтер ең көп қаралым жинап, кейбір әйелдер осындай нәтижеге қол жеткізе алмайтынын жеткізген.

Продюсер йогамен төрт жыл бойы айналысып келе жатқанын айтты. Ол йогаға коронавирус пандемиясы кезінде қызыға бастаған. Ол йоганы YouTube-тегі бейнесабақтар арқылы тегін үйренгенін мойындады.

«Бұл әрқайсыңыздың қолыңыздан келеді және дәл сондай нәтижеге жетуге болады. Алайда, мен нәтиже үшін емес, қажеттілік үшін айналысамын. Йога жасамасам, аяқтарым ауырлайды, қан айналымы дұрыс жүрмейді. Бір-екі күн жіберіп алсам, әсері бірден білінеді. Жаттығулардан кейін көңіл-күй де, қан айналымы да жақсарады. Ешкімге, таңданудың қажеті жоқ. Тегін йога сабағынан бастаңыз», – деді Баян Алагөзова.

Продюсер әйелдерді күніне жарты сағат уақытын йогаға арнауға шақырды. Ол бұл жаттығулардың арқасында арқа денсаулығы жақсарып, іштің тартылып қалатынын айтты.