Русский Сайттың толық нұсқасы

Ливан Израильге қарай тағы 30 зымыран ұшырды

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2024
  • 159

Ливаннан Израильге қарай 30-ға жуық зымыран ұшырылды, деп жазды KAZINFORM.

Атап айтқанда, осы зымырандардың бір бөлігін әуе қорғаныс күші қағып түсірген және зымыран қалдықтары жерге құлаған. Осы соңғы соққылардың салдарынан бірқатар ауданда өрт болған.

Осыған дейінгі соққы кезінде Ливаннан Израильдің солтүстігіне 70-ке жуық зымыран бағытталған. 

Израильдің өрттен құтқару қызметі шабуылдардың салдарынан пайда болған көптеген өрт ошақтарын жоюмен айналысып жатыр.