Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бабалар ізімен» атты ғылыми экспедиция жолға шығады

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2017
  • 3076

Бабалардың табаны тиген жерді, балалары зерттеуге аттанбақ. 4-ші мамырдан бастап, «Бабалар ізімен» деп аталатын ғылыми экспедиция кезекті рет сапарға шығатын болды. Басты мақсат - Еуропа елдері аумағында ежелгі сақтар, ғұндар, түркілер мен қыпшақтар орын тепкен жерлерде мәдени саяхат жасап, деректер жинау. Тіпті олардың мазарына барып, ДНК сараптамаларын алу көзделіп отыр. Экспедиция жетекшісі, саяхатшы Сапар Ысқақ,  бұрын «қазақта ел мен жер, шекара болған ба» деген сауалдың жауабы осында жатыр, дейді.

Сапар Ысқақ, «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының жетекшісі:

Қазақ хандығының 14-15-ші ғасырлардағы территориясы түскен карталар бар. Оны жасаған Венецияның сауда-саттық жасайтын көпестері. Олар әдейі зерттеген Жібек жолын. Оны зерттегенде біздің жерде картаға түскен. Соларды да көреміз. 

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ