Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік полицейлер тәртіпке бағынбаған жүргізушіні қуып жүріп ұстады

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2024
  • 120

Мәртөк ауданы полиция қызметкерлері масаң күйде автокөлік басқарған азаматты қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ПД ақпаратынша, 18 қазанда сағат 17.00-де полиция қызметкерлері Мәртөк ауданы Сарыжар аулында патрульдеу кезінде масаң күйде көлік жүргізген 46 жастағы "Audi" жүргізушісін тоқтатты. Ол:

жол қозғалысы ережелерін сақтамады;

полицейлердің көлікті тоқтату туралы талаптарына бағынбады;

көлікті мас күйінде басқарды.

Тексеріс барысында жүргізушінің сот шешімімен бір жыл бұрын көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айырылғандығы анықталды.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды",- деп мәлімдеді ПД.