Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда алаяқтық әрекеттер жасаған күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2024
  • 125

Алматыда алаяқтық әрекеттерді жасады деп күдікке ілінген 41 жастағы әйел ұсталды.

Тергеу барысында 10 жәбірленуші полицияға арызданған.

Жәбірленушілердің мәліметінше, әйел мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға көмек көрсетемін деп, сондай-ақ жоғары оқу орындарына грантқа түсуге жәрдемдесемін деп уәде берген.

Оның қызметінің құны жүздеген мың теңгеге бағаланған.

Алайда, күдікті уәдесін орындамаған. Алматы қаласының ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергелуде. Қазіргі таңда тергеу ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да эпизодтарға қатысы барына қатысты ақпаратты анықтап жатыр.