Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 400 оқушы бір мезетте "Атамекен" әнін шырқады

Астанада 400 оқушы бір мезетте Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнін шырқады. Шара қаладағы №50 мектепте өтті. Еліміздегі білім ордаларында "Туған елім - Қазақстаным" атты мегачеллендж басталды. Республика күніне орай ұйымдастырылған айтулы шараға қалалық білім басқармасы сеп болып отыр. 

Қазақ әуендерінің арасында туған жерге, Отанға арналған әндер аз емес. Солардың бірі -1970 жылы дүниеге келген "Атамекен" әні. Әнші-сазгер, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің әнің барлық қазақ жатқа айтып, қосыла жөнеледі. Бұл ән бәрінің рухын оятып, жігер-күш береді.

Иә, "Атамекен" әнін шабыттана шырқамайтын қазақстандық жоқ шығар, сірә.Бұл ән отанға деген сүйіспеншіліктің ұранына айналған. №50 "Қазғарыш" мектеп лицейінің оқушылары бұндай мәдени шараларға белсенді атсалысатындарын айтады.

НҮРИЯ ҚАЛЫМОВА, ОҚУШЫ:

Біздің мектепте осындай іс-шаралар көп болады. Біз осындай мектеп болғанына қуаныштымыз. Және біздің Тәуелсіздігімізді алған Қазақстанға да өте мақтан тұтамыз. Біз елімізді сүйемсіз және жақсы көреміз.

Хор 4 және 8 сынып оқушыларынан құралған. Солардың ішінде ағайынды Абдурахим мен Хадижа да бар. Олар бұл шараға екі апта дайындалыпты.

ХАДИЖА МОЛДОШОВА, ОҚУШЫ:

Осы біз шарада өзіміздің еліміз туралы, өзіміздің әнімізді айттық.

АБДУРАХИМ МОЛДОШОВ, ОҚУШЫ:

Біз бұл шараға екі апта дайындалдық. Осы өлеңді жаттап, бірге өлең айтып.

Бұдан өзге де ұлттық мерекелік шаралар мектепте әрдайым ерекше аталып өтіледі. Мектеп басшысы басты мақсат жас ұрпақтың отансүйгіштік, ұлтжандылық, ел мен жерге деген құрметтін арттыру дейді.

ЖАНАР ЖҰМАБЕКОВА, №50 "ҚАЗҒАРЫШ" МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі болып жатқан шарамыз Республика күніне арналған. Үлкен ұлттық мерекедегі патриоттық әндерімізді орындау. Бұл жалпы бір күнде емес, бірнеше уақыттан бері патриоттық әндернің орындалу кезеңдері. Бұл хорға яғни біздің мектебімізде 4 сыныптың 205 баласымен және 195 8 сыныптың оқушылары қатысып отыр.

Республика күніне орай "Туған елім - Қазақстаным" атты мегачеллендж басталды. Бұл арқылы оқушылар егеменді елдігімізді шырқайтын әндерді орындамақ. Сондай-ақ мереке аясында білім беру ұйымдарында "Республикам-мақтанышым" атты сынып сағаттары өтеді. Шара барысында оқушылар танымал адамдармен кездеседі, олардың тағлымды әңгімелерін тыңдап, өнегелі істерін үлгі етпек.