Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуро-2026: Қазақстанның іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2024
  • 137

Еуро-2026: Қазақстанның іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды, - деп жазды Penalty.kz

Еуро-2026 футзал іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының матчтарының кестесі жарияланды.

Іріктеу матчтары 2024 жылдың 13 желтоқсанынан 2025 жылдың 12 наурызына дейін өтеді. Қазақстан құрамасы жеребе қорытындысы бойынша Дания, Армения және Албания құрамаларымен бірге 6-топқа түсті. Топ жеңімпаздары Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады.

Еуро-2026 футзалдан чемпионаты 2026 жылдың 18 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Рига (Латвия) және Каунас (Литва) қалаларында өтеді.

Матчтардың кестесі:

13.12.2024 Албания — Қазақстан

18.12.2024 Қазақстан — Армения

01.02.2025 Дания — Қазақстан

05.02.2025 Қазақстан — Дания

07.03.2025 Қазақстан — Албания

12.03.2025 Армения — Қазақстан.